Құрметті Клиент,

Сіздің келісіміңіз немесе өтінішіңіз бойынша М-Ломбард 2020 жылдың 16 наурызына дейін ресімделген кепіл билеттері бойынша қарыз және сыйақы сомасын төлеуді 2020 жылдың 15 маусымына дейін тоқтата тұруды жүзеге асырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 5-тармағына сәйкес сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi. Яғни Сіздің кепіл билетіңіз бойынша сыйақылар (пайыздар) есептеу мерзім ұзартылған барлық кезең ішінде жүргізілетін болады.

Қарызды пайдаланудың барлық кезеңі үшін қарыз сомасы мен пайыздар (мерзімді ұзарту кезеңін қоса алғанда) мерзімді ұзарту кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күні (яғни 2020 жылғы 16 маусымда) өтелуге тиіс.

Сізден Сіз төлемдерді тоқтата тұрудың жоғарыда көрсетілген шарттарын түсінетініңізді және келісетініңізді растауды және «Мен келісемін» басуыңызды сұраймыз.

Сіз сондай-ақ кепілді ұзарту, ішінара өтеу және ішінара сатып алу бойынша біздің стандартты қызметтерді пайдалана аласыз. Төтенше жағдайға байланысты, біз ұзартуды біздің сайтта онлайн немесе мобильді қосымша арқылы жасауға кеңес береміз.

Құрметпен,
М-Ломбард

Құрметті Клиент


Ваш браузер не поддерживает плавающие фреймы!
Байланысу